Газдандыру жұмысы жанданды
Таран. Тобыл кентінде газдандыру жұмыстары қайта жанданды. Газ құбырының 6500 метрді құрайтын жаңа желісі Северная, Викторовская, Западная, Казахская және Кустанайская көшелеріне жүргізілетін болды. Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен 86 млн теңге бөлініп отыр. Бүгінде «КазТрансГаз Аймак» АҚ мамандары кент тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында дайындық жұмыстарын тәмамдап, іске кірісіп те кетті.