Дұрыс таңдау жасайық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады. Бүгін, яғни 25 шілдеде таңғы сағат жетіден Науырзым ауданының алты сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастап кетті. Ауданда ауылдық округ әкімдерін сайлау Буревестник, Раздольное, Қожа және Дәмді ауылдарында өтіп жатыр.
-Бұл сайлаудың жөні бөлек екенін білеміз. Себебі халық өз таңдауын жасауда. Кез келген сайлау – бұл қоғамдағы мәселелерді өлшеу немесе шешу. Осы талғампаз саяси технологиялық жаңашылдық арқылы халық өз үміттерін, сайлау арқылы жергілікті деңгейде билікке деген сенім деңгейін артуға, аймақтық саяси элита жаңартуға қол жеткізетініне сенемін. Әкім қызметінің тиімділігі оның халық арасындағы легитимділік дәрежесіне байланысты. Бұл сайлауда болашақ әкімнің беделдік имиджі маңызды. Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасауға ықыласты. Жерлестерім туып өскен ауылының алдағы тағдырын кімге сеніп тапсыратынын енді өздері шешетіндігіне қуанышты, – дейді «Ақ Ниет» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жібек Нұрсейітова.