Үміткерлер саны – 160

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қостанай облысында ауыл әкіміне 160 кандидат өтініш берді.
Кеше кешкі 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева үміткерлерді тіркеу жұмысы туралы айтып берді.
   «Қостанай облысында 65 ауылдық мекендерде сайлау өтеді. Аудандар арасынан сайлау белсенділігі жағынан Аманкелді өңірі көш бастап тұр. Мұнда 1 селолық округ пен 6 елдімекенде дауыс санау науқаны жүргізілмек. Қазір уақытта өтініш берген 160 кандидаттың құжаттарының дұрыстығы тексерілу үстінде. 24 селолық округқа үш адамнан келеді»,- деді Әсия Дуанбаева.
Айта кетейік, үміткерлердің 59-і саяси партия атынан ұсынылды. Ал 95 адам өзін-өзі ұсынды. 160 үміткердің 130і ер, өзгесі әйел. Орташа жасы – 43 жаста. Ең жасы 27 жаста, ең үлкені 60-та.         
Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаеваның айтуынша, 114-і мемлекеттік қызметкер.
Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын. Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін және ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓