Ауған соғысының құрбаны Қайырбек Мұқановты еске алу шарасы дәстүрге айналды

Боровской поселкесіндегі стадионда өткен шараны аудан әкімі С.Жақаев ашты. Жарысқа осы Қайырбек бауырымызбен бірге кезінде әскерге шақырылған жігіттер демеуші болды. Тіпті еске алу шарасына Ауғанстандағы соғыстың бел
ортасында болып, Қайырбекпен достасып, оның оққа ұшқан сәтінде де қасында болған жауынгер досы, бүгіндер Екатеринбург қаласында тұратын Александр Горохов та келіпті. Ол және осы шараға қатысқан басқа да жолдастары Қайырбектің туған ауылы – Көктеректе болып, батырдың қабіріне тағзым етті. Осындағы негізгі мектепте болып, оқушылармен жүздесті, оқу орнындағы Қ.Мұқановқа арналған мұражайды көрді. Қыршын кеткен боздақтың бауыры Батыр ағаның үйінде болып, дәм татты, құран оқылды.

Мини-футболда бірінші орынға Қарабалықтан келген оқушылар ие болса, Көктеректің балалары да намысқа тырысты, екінші орын алды.
Сәлім
МЕҢДІБАЙ
СУРЕТТЕРДЕ: Ауған соғысының құрбаны Қайырбек Мұқанов қабірі басында; жарысқа қатысушылардың бір тобы.
Суреттерді түсірген Қазбек Ғалиев.