“Күмбірле, қоңыр домбыра!”
Бүгін Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында осындай атаумен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мерекелеуге және Ұлттық домбыра күніне арналған облыстық домбырашылар байқауы өтті.Байқаудың қазылар алқасы күй өнерінің кәсіби мамандарынан құрылды. Төрешілер төрағасы – Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Мұрат Хамитов. Қазылар алқасының мүшелері – облыстық филармонияның «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ыбырай Есжанов, облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы Нұрбол Жатқанов. Байқауға облыстың аудан-қалаларынан 10 домбырашы қатысты. Қорытындысында I орынға Жітіқара ауданының үміткері Ермек Қазмұхамбетов ие болды.
II орын – Сарыкөл ауданының дарыны Қайсар Ниязұлының еншісінде. Үздік үшштікті рудныйлық Абылайхан Ердаулетов түйіндеді. Арқалық қаласынан келген Мейрам Айтмағамбетов арнайы сыйлыққа ие деп танылды. Жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.