COVID-19: +53
2 шілдеде Қостанай облысында коронавирус тағы 53 адамнан анықталды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 25, Рудный қ. – 9, Лисаков қ. – 5, Арқалық қаласы және Қамысты ауданында 3 – ден, Әулиекөл, Денисов және Федоров аудандарында 2 – ден, Жітіқара қаласы және Ұзынкөл ауданында 1 адам індетке шалдыққан.
34 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 12 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 7 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 36 адамда ауру белгілері болды, 17 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 2 шілде аралығында COVID-19-ды 16939 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 16276.