Өңір экономикасының өзегі

Машина жасау – Қостанай облысының экономикасын дамытудың драйвері. 
Архимед Бегежанұлының айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 35% өсіммен 147 млрд.теңгеден астам өнім өндірілді. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің шамамен 39%-ын құрайды. Қатарлы дестелегіштер – 2-ге, трактор өндірісі – 2,5 – ке, комбайндар өндірісі 2%-ға, жеңіл автомобильдер өндірісі 43%-ға артты.
Мұның сыртында, аймақ басшысы Қостанай көлік және ауыл шаруашылығы техникаларының түрлі маркаларымен автокөлік нарығын толтыруға дайын екенін айтты.
Бүгінгі күні «СарыарқаАвтоПром» жобаларының саны артуда. «АвтоВАЗ» және KIA Motors компанияларының басшылығымен, Петербург трактор зауытымен және белоруссиялық «Гомсельмашпен», сондай-ақ итальяндық SDF Group компаниясымен ынтымақтастық орнатылған.
Осы жылдың наурыз айынан бастап KIA автомобильдерін құрастыру басталды, жыл басынан бері 1900-ге жуық машина сатылымға шықты. Келіссөздің соңына қарай, Renault автомобильдерін шығару туралы келісімге қол қойылды, бұл ретте, қостанайлықтар «АвтоВАЗ» АҚ-мен танымал LADA-ны ағымдағы жылдың шілде айынан бастап сатуға ниеттеніп отыр. 
«Агромашхолдинг KZ» компаниясының базасында локализациялық орталық ашылды, оның жұмысы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.
Айта кетсек, машина жасау саласының үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 38,5% астамын құрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓