Өнеркәсіп көш бастап келеді
Қостанай облысында өнеркәсіп саласы жетекші сала болып қалуда. Аймақ басшысы бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жыл басынан бері өңірде экономиканың бірнеше саласында айтарлықтай өсім байқалады, бұл ретте өнеркәсіп көш бастап келеді. Мұнда көрсеткіш 9,7%-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 14%-дан астамға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінің шығарылатын өнімінің көлемі 2 жылда 1,7-ге өсті.
Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 860 млрд теңгенің өнімін өндірді.
Сондай-ақ, облыс әкімі өнеркәсіп саласындағы өнеркәсіп пулы құрылғанын мәлімдеді. Оған бюджеттік шығындары 2 трлн теңгені құрайтын 80 жоба кіреді. Бұл ретте, өңірде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болмақ. Пул өнеркәсіптік өндіріс көлемінің айтарлықтай артуы есебінен облыстағы экономика өсімінің резервіне айналуы тиіс.