Өндірісте өсім бар

Қостанай облысында жалпы өңірлік өнімнің өсуіне қол жеткізді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті. 
Аймақ басшысының айтуынша, тұтыну бағаларының индексі 103,3% – ды, оның ішінде азық-түлік тауарларына шамамен 104,8%-ды құрады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 106,1% – ға дейін артты.
Осыған байланысты, жыл соңында жалпы өңірлік өнімнің кемінде 3% өсімі күтілуде.
Айта кетсек, биылғы жылдың бес айында инфляция бар болғаны 3,3% – ды құрады. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓