Курсанттар көмек қолын созды
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары еріктілермен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуге көмектесті.
Республикалық «Халық» қайырымдылық қорының науқаны бір апта бойы жалғасуда. Жеті күн бойы еріктілер облыс орталығында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын отбасыларға 1000 азық-түлік себетін жеткізуі керек.
Жастар ресурстық орталығының волонтерлік секторы басшысының міндетін атқарушы Сымбат Манатованың айтуынша, курсанттардың көмектері өте маңызды.
– Олар бізге 50 келілік себеттерді өлшеп-орап тиеуге, сондай-ақ межелі жерге жеткізуге көмектесті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымшыл командамыздың арқасында біздің жұмысымыз үйлесімді болды. Әр адам бір ортақ игі іске өз үлестерін қосып жатқанын түсінді.
Көмек қолын созған отбасылардың балалары мен ата-аналарының жүздеріндегі қуанышты байқауға болады. Болашақ полицейлерге олардың назары мен көмектері үшін алғыстарын білдірді.
Республикалық «Халық» қайырымдылық қорының науқаны бір апта бойы жалғасуда. Жеті күн бойы еріктілер облыс орталығында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын отбасыларға 1000 азық-түлік себетін жеткізуі керек.Жастар ресурстық орталығының волонтерлік секторы басшысының міндетін атқарушы Сымбат Манатованың айтуынша, курсанттардың көмектері өте маңызды.