Ақынға құрмет

Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде, ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Әлпия Орманшинаға «Амангелді ауданының құрметті азаматы» атағы табыс етілді. Көптеген жыр додасында жеңіске жеткен айтыскер жас ақындардың үздік ұстазы ретінде де танымал. Кезінде айтыстың алғашқы аруанасын мінген аяулы ақынға құрметті марапат салтанатты түрде табысталды.
Әлпия Орманшина Амангелді ауданының тумасы. Ол сексенінші жылдары, айтыстың қайта өрлеу кезеңінде сахнаға шықты. Өңірде ұлттық өнердің дамуына зор үлесін қосты. Алғашқы сәттен көрермен көзайымына айналып, осы саладағы өзіндік стилімен даралана білген ақын. Тоқсаныншы жылдары ақын апамыздың еңбегі жарқырап, Көкшетауда, Атырауда өткен республикалық айтыстарда бас жүлделерге ие болды. Жергілікті композиторлармен шығармашылық байланыс орнатып, елуден астам әнге сөз жазған.
Саналы ғұмырын өнерге, мәдениет саласына арнаған бүгінгі марапат иесі жерлестерінің берген бағасы бәрінен де қымбат екенін жеткізді. Сол кездерден «Жас тұлпар» оқушылар айтысын ұйымдастыра жүріп, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген. Бүгінгі марапат пен қолпаштау – еңбегінің зейнеті.
Ақынның үш жыр кітабы жарық көрген. Салтанатты шарада шәкірттері мен үзеңгілестері жырдан шашу шашып, ыстық лебіздерін білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓