«Алюминстрой» кубогі
Арқалықта биыл төртінші жыл қатарынан футболдан «Алюминстрой» ЖШС кубогі үшін аймақтық жарыс өтті. Турнирдің салтанатты ашылуында командалар сап түзеп, еліміздің әнұраны шырқалды. Спортшыларды қала әкімі Ә.Асанов, «Алюминстрой» ЖШС бас директоры А.Мұқанов құттықтады.
Биылғы жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Арқалық қаласының 65 жылдығына және «Алюминстрой» ЖШС-нің 20 жылдық мерекелеріне арналды. Жарысқа Арқалық қаласымен қатар, көршілес Аманкелді, Жанкелдин, Жарқайың аудандарының командалары қатысты.
Үш күнге созылған тартысты ойын нәтижесінде: І орынды «Арқалық» құрама командасы, ІІ орынды «ТОРҒАЙ – ЕТ» ЖШС командасы, үшінші орынды «Үштөбе» ауылының командасы қанжығаларына байлады. Аталымдар бойынша: «Үздік қақпашы» – Ерік Әбжан («Арқалық» құрама командасы), «Үздік қорғаушы» – Айдын Мақатай («Арқалық» құрама командасы), «Үздік жартылай қорғаушы» – Ерхан Алпысов («ТОРҒАЙ – ЕТ» ЖШС командасы), «Үздік шабуылшы» – Жасұлан Бекболатов («ТОРҒАЙ – ЕТ» ЖШС командасы), «Үздік ойыншы» – Асхат Қапаров («Үштөбе» ауылының командасы), «Ардагер ойыншы» – Жандос Сарекин («Үштөбе» ауылының командасы) танылды.
Жүлдегерлер кубокпен, медалмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мұрат
Жүнісұлы
Арқалық қаласы.