Тәртіп түзелген
Өңірде жол көлік оқиғалар саны 13%-ға төмендеді. Бұл туралы тікелей эфир барысында облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой мәлімдеді.
– Бүгінгі таңда жыл басынан бері облыс аумағында 102 ЖКО тіркеліп, 120 адам зардап шекті. Дегенмен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 13%-ға, зардап шеккендер саны 28%-ға төмендегені байқалады, – деп атап өтті Виталий Цой.
Оның пікірінше, бұған өңір аумағында жүргізілетін бірқатар жедел-алдын алу шаралары ықпал еткен.
– Жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында биыл облыс аумағында
7 жедел алдын алу іс-шарасы («Автобус», «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз – балалар!», «Құқықтық тәртіп») және («Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!», «Мас жүргізуші-қылмыскер» тақырыбында алдын алу жұмыстары жүргізілді, – дейді полиция подполковнигі.
7 жедел алдын алу іс-шарасы («Автобус», «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз – балалар!», «Құқықтық тәртіп») және («Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!», «Мас жүргізуші-қылмыскер» тақырыбында алдын алу жұмыстары жүргізілді, – дейді полиция подполковнигі.
Аталған іс-шараларды өткізу барысында 8 333 жол қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі, оның ішінде 281 қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережелерін бұзғаны анықталды.
Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 179 жүргізуші, көлік құралын басқару құқығы жоқ 121 жүргізуші және басқару құқығынан айырылған 15 жүргізуші ұсталды, сондай-ақ жол ережесін бұзғаны үшін 807 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 48 заңсыз тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айып тұрағына 168 машина жеткізілді, оның ішінде шет мемлекеттерде (РФ) есепте тұрған 44 көлік бар.
Жол апатын тудыратын 3 мың 239 шақырымға жуық жол тексеріліп, 292 белгі қойылды.
Тікелей эфир барысында Виталий Цой қостанайлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін сақтауға, жолдарда қырағы және мұқият болуға шақырды.