«Жазғы кубок – 2021»

Қаламыздағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» жағалауында облыстық жазғы кубок ойындары өтті.
Аталмыш іс-шараға Қостанай ауданы, Рудный қаласы, Жанкелдин ауданынан келген 13 команда бақ сынасты. Жалпы ойын тақырыбы «Менің Арманым!». Ойын балалық шақ, қазіргі шақ және өткен шақ сынды үш кезеңнен тұрды. Әзілкеш ұл-қыздар көңілді кештің барынша сәнін келтіріп, думанды қыздырды. Шығармашыл жастарға карантин шабыт бергендей, қойылымдарының негізгі тақырыбы осы болды.
Ойын қорытындысы бойынша әділ-қазылардың шешімімен балалық шақ кезеңі бойынша үшінші орын – «Аман аға інілері» (Қостомар), екінші орын – «Modern Guys» (Рудный), бірінші орын – «Балмұздақтар» (Жанкелдин) командасы иеленді. Ал қазіргі шақ кезеңін қорытындылай келе үшінші орын – «Қостомар құрамасы» (Қостомар), екінші орын – «Торғай облысы құрамасы» (Жанкелдин), бірінші орын – «Қысқа да Нұсқа» (Қостанай) командасына бұйырды. Және үшінші өткен шақ кезеңінде үшінші орын – «Тойбастар» (Жанкелдин), екінші орын – «Жаңа ғасыр» (Торғай), бірінші орынды – «Рудный құрамасы» (Рудный) командасы еншіледі. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен кубок табыс етілді.
Айта кету керек, Бақытжан Алкебаев ойынның «Үздік ойыншысы» атанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓