Әркім өзінен бастасын
Елімізде жол жүру ережесі туралы жаңа заң күшіне енді. Оның ерекшелігі – айыппұлдар көбейтіліп, жүргізушіге қойылатын талаптар қатайтылған. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылыққа жауапкершілікті күшейтуге, сондай-ақ заңнамалық актілерді «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Ізінше, облыстық ІІД бұл заңның жаңадан енгізілген тұстарына талдау жасаған еді.




Қалалық ішкі істер басқармасының сыртын да шолып өткенбіз. О жақ та жеке жұмыстардан артыла алмай жатыр-ау деймін. Әйтпесе, мекеме қақпасының алдында тұрған бас құданың көлігі емес шығар?
Бұны жазып отырған себебіміз, кешелі бері осындай заңсыздықтарды әшкерелеп, алақан ысқылап кірісіп жүрген қызыл жағалыларды тобырымен көре қойған жоқпыз. Ойладық қой, айыппұл екі, үш есе өскен соң, біздің полицейлер ерекше «қаһарға мініп», опақ-сопақ тұрған көлік иелеріне шетінен хаттама толтырып, «баудай түсіріп» жатыр деп. Жоқ, басқаны қайдам, әзірге біздің полиция өкілдері «мүлгіп» отыр. Кім білсін, бәлкім «өз мекемеміздің айналасын ретке келтіріп алайық, содан кейін басқаларын жаппай жазалауға көшеміз» деді ме екен?
Рас, әркім өзінен бастасыншы.
Қыдырбек Қиысханұлы
Суретті түсірген Айбек Жүзбай