Жалқы жобаның жеңімпаздары

Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңа үдеріс елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін нақты айтты. Руxани тамыр – ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіл мен діл. Мұның ішінде өнер, қала берді, дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешіліктің орны ерек. Білетіндердің айтуынша, қазақтың ұлттық коды – руханият. Міне, осы тұста республикалық дәрежеде қолға алынған «Мен – қазақпын» атты мегажоба Қостанайда да жалғасын тапты. Кіл жүйріктің арасындағы жеңімпаздардың есімі белгілі болды.   _MG_6195
 
IMG_6096
_MG_6107Мәдени шара І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өтті. Көрермендердің ұлттық өнерге деген ықыласы ерекше. Дәстүрдің дәріптелуіне өз үлестерін қосып, ұлттық киіммен келгендерге алғыс алабөтен. Алдымен, жиылған қауымның алдында тұсау кесу рәсімі өтті. Есімі қазаққа белгілі күйші Назымбек Молдахметов кішкентай Бақбергеннің тұсауын кесіп, үлкендері ақ жол тіледі._MG_6142
 
_MG_6149
_MG_6141Хош! Жобаның Қостанай облысындағы негізгі бөлімі басталып кетті. Ұлы отан соғысының ардагері, жыршы Қасымхан Алдабергенов байқау қатысушыларына бата берді. Қазылар алқасында халық ақыны Әсия Беркенова, белгілі әнші Манапбек Қадыр, композитор Медет Салықов, күйші Назымбек Молдахметов отырды._MG_6114
 
_MG_6213Алдымен, аманкелділік Фариза Жоламанова ортаға шықты. Ғарифолланың «Ақеркесін» нақышына келтіре орындаған Фариза жиылған жұрттың қошеметіне бөленді. Одан соң күйші Мұрат Хамитов пен термеші Тоба Өтепбай сахнаға көтерілді. Тағы да қошемет. Тағы да Тобыл-Торғай таланттары. Қабырға мен Сужарған, Қызбел мен Тоқанай әнге қосылды. Әрідегі Нұржан мен Нұрханның, берідегі Әбілахат пен Ғафудың шығармаларына сусып қалған кейбір қостанайлықтар қатысушылармен қоса шырқады._MG_6219
 
_MG_6236
_MG_6239Айтпақшы, облыстық кезеңге 19 үміткер іріктелді. Жобаға барлығы 62 өнер иесі қатысыпты. Кеш жүргізушілері Ербол Ипбергенов пен Ажар Шәкіржанова әр өңірдің мықтыларын кезектесе шақырып тұрды. Абзал Алпыс, Қыдырбек Қиысханұлы, Байдос Қожасағиев, Ақжол Нұрланов, Рыскелді Байқожаев, Мейір Нұрмұхамедов сияқты есімдері белгілі әнші, күйшілердің арасынан үздікті анықтау оңай емес-ті._MG_6191
_MG_6281
 
_MG_6307
IMG_6087
_MG_6338
_MG_6322
_MG_6352
_MG_6347
_MG_6366Облыстың озығы жария болатын уақыт таяды. Көпшілік күткендей, «Үздік аймақтық күйші» аталымында Данияр Рысбеков жеңіске жетті. Ол Динаның «Бұлбұлы» мен Құрманғазының «Терісқақпайын» орындаған-тын._MG_6201
_MG_6471
_MG_6490«Мен – қазақпын» жобасындағы тәлімгерлердің бірі Медет Салықов «Үздік аймақтық әнші» аталымының жеңімпазын таныстырды. Негізінде Нұржан Наушабаевтың «Көкен-ай» әні шырқалғанда-ақ, жұрт жүлде иесін болжап қойған. Ол – әріптесіміз Қыдырбек Қиысханұлы._MG_6498
 
_MG_6505– Бұл жоба арқылы ұлттық өнерімізді дәріптейміз. Сондай-ақ, шалғай ауылдарда домбыра ұстап, күй тартып жүрген таланттар үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік алды. Бұйырса, Астанада облыс намысын қорғайтын боламын. Барлығына сәттілік тілеймін, – деді ол.
Ал жыршы-термешінің сыйлығын Әсия Беркенов тапсырды. Үздігі – Мақсат Нұрмұхамедов. Әбдіғалидың термесін айтқан Мақсат – Жанкелдин ауданының тумасы._MG_6518
 
_MG_6529Сонымен, үздіктер анықталды. Бұл үштік Астанада өтетін телевизиялық байқауда Қостанай облысының атынан барады._MG_6406
– Байқаудың көздегені – қазақ xалқының төл өнерін насихаттау, өскелең ұрпаққа жеткізу. Өнерді өз дәрежесінде дәріптеу – бірлік идеясын іске асырудың басты құралы. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен "Қазақстан" ұлттық арнасы ұсынған "Мен – қазақпын" мегажобасы арқылы көрінбей жүрген таланттар табылды деп ойлаймын, – деді «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов.
_MG_6176
_MG_6124
_MG_6398
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

1 Response

  1. Бақытжан айтты:

    Телеарнадан көрсете ме екен?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓