Цехтың келешегі жарқын

Қарабалықтағы жеті жыл бойы тұралап қалған құс фабрикасы қалпына келтірілді. Өндірісті жандандыруға сауда және интеграция министрлігі, «Бәйтерек» холдингі мен «ҚазақЭкспорт» экспорттық сақтандыру компаниясы септігін тигізді. Қазір инвестициялық жоба өз тиімділігін дәлелдеп үлгірді. Кәсіпорын өнімнің жиырмадан артық түрін өндіреді. Бір ай ішінде 500 тонна ет шығарған. Салқындатылған және мұздатылған құс еті бар. Тапсырыс көлемі көп. Бүкіл Қазақстан бойынша саудалайды. Сонымен қатар экспортқа шығарады. Кәсіпорынның ісін ілгерілету үшін инвесторлар 5 млрд 800 млн теңге жұмсамақ. Тұралап қалған сою цехы, құс қоралары мен құрама жем зауытының жұмысы жанданды. Осы ретте бірнеше қаржы институты қолдау танытты.«Біз «ҚазақЭкспорт» ұсынған шараларға арқа сүйеніп, сақтандыру қарызын қолдана алдық. Қазір құс қораларында жарты миллионға жуық бройлер бар. Тауықтар тек табиғи жеммен қоректенеді. Демек, экологиялық таза өнім алынады деген сөз. Өндірістің жылдық қуаттылығы 12,5 мың тоннаға дейін жеткілікті. Егер ішкі және сыртқы нарықтың ауқымы кеңейсе, аталған көрсеткіш 20 мың тоннаға дейін жеткізуге болады»,-дейді «POULTRY-AGRO» ЖШС даму жөніндегі директоры Александр Коростылёв.
Айбек Ибраев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓