Қоржында – қола жүлде

Қостанайлық белгілі биші, спортшылар Аруна Жақсағұлова мен Данил Цихлер арбадағы биден әлем чемпионатынан қола жүлдеге ие болды.
Әлемдік дода 4-6 маусым аралығында Италияның Генуя қаласында өткен еді. Оған Қазақстан, Ресей, Бразилия, Италия, Польша, Словения, Украина елдерінен тоқсаннан астам спортшы қатысқан. Бұл сайыс әлемдік пандемиядан кейінгі алғашқы ауқымды іс-шара болып отыр.
Қостанай облысының атынан талантты да тәжірибелі жұп Данил Цихлер мен Аруна Жақсағұлова өнер көрсетті. Бишілер баяу ырғақты вальс, танго, Вена вальсі, баяу фокстрот және квикстеп (жылдам фокстрот) билерін шебер орындады. Қазылар алқасы қостанайлық жұптың өнеріне жоғары баға берген. Өнерлі жұп қазіргі уақытта жолда, елге қайтып келе жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓