«Таза қалаға – таза жарнама»
Облыстық Тілдерді дамыту басқармасы жұмыс жоспарына сәйкес көрнекі ақпарат құралдарының заң талаптарына сәйкестігіне мониторинг шараларын үнемі жүргізіп тұрады. Кезекті шара барысында «Таза қалаға – таза жарнама» акциясы барысында Қостанай қаласындағы Толстой мен Баймағамбетов көшелерінде (қала орталығындағы бөлігі) орналасқан 20-дан астам шағын және орта бизнес нысандары қамтылды.
Акцияның қатысушылары заң бұзушылықтар бойынша 10-нан астам ұсыным-хат табыстап, жарнама өнімдерін, маңдайшаларды ресімдеу және орналастыру жөнінде олардың иелеріне әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар мамандар көрнекі ақпаратты қайта ресімдеу барысында әзірленген эскиздің сауаттылығын қарау үшін оны whatsapp номеріне жолдауды ескертіп отырады.
«Жауапкершілігі мол бизнес өкілдерінің саны артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Олардың кейбіреуі қате ресімделген көрнекі ақпараттарды іле-шала алып тастап жатты (мысалы, «Техсервис» ЖШС (Баймағамбетов к-сі 162), «Костанайская жизнь» ЖШС (Баймағамбетов к-сі 162), «Аксон» сервис орталығы (Баймағамбетов к-сі 182). Аталған шаралар жоспарлы негізде ары қарай жалғасын табады» – дейді басқарма мамандары.