Жәдігермен толықты

Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қоры жаңа жәдігерлермен толықты. Музейдің эксководы Шынар Досмағамбетованың үлесімен ғалым, академик Кенжеғали Сағадиевтің ағаштан оюланып, сәнсалтанаты келіскен домбырасы мен 3 гүл құмырасы музейдің қорына берілді.
Осынау құнды жәдігерді музей ұжымына Кенжеғали Сағадиевтің ұлы Халықаралық бизнес университетінің проректоры Ербол Сағадиев арнайы келіп, табыс еткен.
– Академиктің осынау құнды дүниелері музейіміздің төрінен орын алды. Мұндай баға жетпес жәдігерлерді қала тұрғындарына таныстыру өте мағызды. Сондай-ақ ғалымның ұлы Ербол Кенжеғалиұлы әкесінен қанған басқа да құнды мұраларды алдағы уақытта музейге тарту ететініне уәде берді, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓