Көшет – кенттің “жасыл өкпесі”
"Өз өміріңді жасылдандыр". Осындай ұранмен Рудный қаласында көшет отырғызу акциясы өтті. "ССКӨБ" акционерлік қоғамы және "Поколение – Z" қоғамдық қоры бірлесіп, №1 қалалық емхана маңына тал екті.
"Медицина қызметкерлеріне пандемияға қарсы күрестегі күнделікті еңбектері үшін алғыс айту және құрмет білдіру белгісі ретінде 20 түп тал отырғыздық. Оларды күтіп-баптау да өз міндетімізде. Көшеттеріміз өркен жайып өсе бастаса, қаламыз жасылданып, көркі кіре түсер еді. Болашақта бұл жерге ақ халаттылар үзілістерде көлеңкеде демалып отырулары үшін орындықтар орнатуды жоспарлап отырмыз", – дейді "ССКӨБ" АҚ Экология және жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Анатолий Дворниченко.
Игі іс-шара соңында барлық қатысушыға мадақтама және экоқоржындар табыс етілді.
Айта кетейік, экоакция мақсаты – Рудныйдың "жасыл өкпесін" нығайта түсу, бұл міндетке неғұрлым көбірек адам тарту. Бүгінге дейін еріктілер мен қарапайым тұрғындар 800 түптей терек көшетін отырғызған.
"Медицина қызметкерлеріне пандемияға қарсы күрестегі күнделікті еңбектері үшін алғыс айту және құрмет білдіру белгісі ретінде 20 түп тал отырғыздық. Оларды күтіп-баптау да өз міндетімізде. Көшеттеріміз өркен жайып өсе бастаса, қаламыз жасылданып, көркі кіре түсер еді. Болашақта бұл жерге ақ халаттылар үзілістерде көлеңкеде демалып отырулары үшін орындықтар орнатуды жоспарлап отырмыз", – дейді "ССКӨБ" АҚ Экология және жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Анатолий Дворниченко. Игі іс-шара соңында барлық қатысушыға мадақтама және экоқоржындар табыс етілді.
Айта кетейік, экоакция мақсаты – Рудныйдың "жасыл өкпесін" нығайта түсу, бұл міндетке неғұрлым көбірек адам тарту. Бүгінге дейін еріктілер мен қарапайым тұрғындар 800 түптей терек көшетін отырғызған.
























