Электр құны көтеріледі
«Қостанай энерго орталығы» ЖШС таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, электр қуатының құны 4,9 пайызға көтерілмек. Бағаның шарықтауына Екібастұз энерго компаниясының қызмет ақысын жоғарылатуы себеп болған. Осыған сай, Тобыл өңірінің тұрғындары 1 кВТ үшін 17,16 теңге төлейтін болады. Жаңа баға ақпанның бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.