Сания – жеңімпаз!

Қостанай қаласындағы NIS 11 сынып оқушысы Сания Өмірзақова  «Колмогоров оқулары» ХХІ Халықаралық мектеп оқушыларының ғылыми конференциясында 1 орын алды.
2021 жылғы 3-6 мамыр аралығында М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және А.Колмогоров атындағы мамандандырылған оқу-ғылыми орталығы базасында мектеп оқушыларына арналған ХХІ халықаралық «Колмогоров оқулары» ғылыми конференция-байқауы онлайн режимінде өтті. Оған Беларуссиядан, Қазақстаннан, Ресейден, Сириядан, Тайландтан, Украинадан (ДХР), Оңтүстік Осетиядан 272 мектеп оқушылары түрлі секциялардағы ғылыми жобаларымен қатысты.
Сания Өмірзақова  іріктеуден өткен 25 баяндама көосетілген «Химия» секциясында өзінің «Өсімдік тағамдарының қалдықтарынан биопластика алу» атты ғылыми жобасын ұсынды.
  – Сания өзінің ғылыми жұмысын 2019 жылы Дилара Усембаева деген оқушымен бірге бастады. Қазіргі таңда Сания биопластик алып, оның қасиеттерін зерттей отырып, өз жобасын жасауды жалғастыруда, одан қоқыс жинауға немесе көшет өсіруге болатын биологиялық ыдырайтын ыдыстар жасаудың оңтайлы әдісін әзірлеуде», – деді ғылыми жетекші Наталья Науменко.
  – СҒМО оқытушыларының алдында баяндама оқығанда біраз қобалжу болды, алайда іс-шараның ашылуының алдында: «Егер сіз осы іс-шараның нәтижесінің қалай болатынына қарамай ләззат алсаңыз, онда ғылыми сала – сіздің салаңыз» деген пікір айтылды. Жобаны қорғаудағы қиындықтарға қарамастан, мен қазылар алқасымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болғаныма және ғылымға қызығушылық танытқан оқушылардың қатарына қосылғаныма қуаныштымын. Барлық уайым артта қалып, байқауда жақсы нәтижелерге қол жеткіздім, – деп жеңімпаз өзінің әсерімен бөлісті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓