Заңды бірнеше мәрте бұзған

Қостанай полицейлері көшіқон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Облыстық ПД көшіқон қызметінің өкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көрші ел азаматының заңнаманы бірнеше рет бұзғаны анықталған.
"37 жастағы ер адам екі жыл бойы қалалық соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған әрі облыс аумағында жазадан қашып, бой тасалап жүрді. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушының Қостанай қаласында тұрған жерін анықтады. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" ҚР Заңындағы өзгерістерге сәйкес, шетелдікке жүріптұру еркіндігін алдын ала шектеу және Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберу шаралары қолданылған. Бұрын мұндай шаралар қарастырылмаған болатын", – делінген хабарламада.
28 мамырдағы сот шешімімен тәртіп бұзушыға қатысты елден мәжбүрлеп шығарып жібере отырып, 30 тәулік мерзімге жүріп-тұруды шектеу туралы санкция берілді.
Облыстық ПД ОӘК бөлімінің бастығы подполковник Ринат Сыздықовтың айтуынша, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетел азаматтары арнайы қабылдау орнына жіберіледі. Шығарып жіберілген шетелдіктер заңмен белгіленген мерзімде ҚР шегінен шығып кетуі қажет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓