Оқулықсыз білім жоқ
Облыстық білім басқармасында "2014-2015 оқу жылдарына оқулықтар мен оқулық-әдістемелік кешендерге тапсырыс беруді дайындау және қалыптастыру" тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинарда Рудный қаласы білім бөлімінің әдіскері М.Журавлева "Заманауи мектеп кітапхнасының мәселелері", білім басқармасының бас маманы А.Аушаменова сөз сөйледі. Семинар соңында облыстың оқушыларын уақытында оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету туралы ұсыныс қабылданды.