Шексіз әріптестік

Қазақ жетімін жылатпаған, кемтарын кемсітпеген текті жұрт еді. Уақытозды, ұрпақтозды. Балапанбасына, тұрымтайтұсынакетті. Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі ғаріп жандардың тағдыр талқысына тасталып, мейірімсіздіктің қатыгез шеңгелінде шырылдауын жан-жүрегімен түйсінген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Кедергісіз келешек» бастамасын қолға алған болатын. Ол бойынша мемлекетіміздегі атқарушы билігі бар, жекеменшік иелері бар, акционерлік қоғамы бар – барлығына бірдей тапсырма берілді: мүгедек жандарды мүсіркеп, оның əмиянына тиын-тебен тастама, керісінше, тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасап, кедергісіз келешек сыйла деген. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың күңгірт те күрсінулі күндерінің жарық, əрі шуақты болуына атсалысып жүрген компаниялар жоқ емес, бар. Мәселен, «ССКӨБ» АҚ қызметтер мен тауарларды сатып алу заңнамасының тиімді тұстарын пайдаланып, Рудныйдағы «Қазақ соқырлар қоғамымен» қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Яғни, коронавирус пандемиясына қарамастан оқу-өндірістік кәсіпорны кен алыбының маска, қолғап, сүзгі мен төсек-орынға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп тұр.2 (2)
– Бізде қазір 40-қа тарта адам жұмыс істейді. Олардың түгелдей дерлігі –көруі мен естуі нашар 1,2,3 топ мүгедектері. Құдайға шүкір, Еуразиялық Топпен өзара ынтымақтастық меморандумының аясындабасты қолдаушымыз – «ССКӨБ» АҚ-мен жұмыс жасап жатқанымызға 20 жылдан асты.Осы уақыт аралығында жеткізетін тауарлардың түрін көбейтуге бар күшімізді салдық. Мысалы былтырдан бастап журнал-бланктік өнімдерге ерекше көңіл бөлсек, алдағы уақытта корпустық жиһаз шығарудың да жолдарын қарастырып жатырмыз, – дейді кәсіпорын басшысы Руслан Таипов.
Әрине, мұндағы жұмыскерлердің саны тапсырыстың көлеміне тікелей байланысты. Әйтпесе, кәсіпорынның қуаты бір мезгілде 300 адамды жұмыс орнымен қамтуға қауқарлы.4 (2)
Қазіргі таңда тігін цехында жұмыс қызып тұр. Галина Дробышева көзі көрмесе де, бір ауысымда 140 жұп қолғапты тіге алады екен. Бұл – 40 жыл еңбек өтілі бар кейіпкеріміздің орташа көрсеткіші.
– Жалақыны уақытылы, жасаған жұмысымызға орай аламыз. Бірақ бастысы ол емес. Үйде төрт қабырғаға қамалып отырғаннан осында келіп, тағдырлас әріптестерімнің қасында жүргенді жақсы көремін. Бір айдан кейін зейнетке шығамын. Айтайын дегенім, көптеген ата-аналар мүгедек балаларын үйде оқытуды жөн санайды. Кейін өсе келе олардың қоғамға бейімделуі қиынға соғатынын түсінсе деймін. Мен интернатта оқып, кішкене кезімнен тәуелсіз болуда, өз-өзіме қарауды үйрендім. Қазір шүкір, екі баламнан бес немере сүйіп отырмын, – дейді Галина.DSC_7143
Тауарлар мен қызметтерді сатып алуды қолдау – Еуразиялық Топ пен «Қазақ соқырлар қоғамы» арасындағы меморандумдардың басты мақсаты. Ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастық – қала құрушы кәсіпорын үшін де, қоғамдық бірлестіктің мүшелері үшін де тұрақтылық пен болашаққа деген сенім үшін өте маңызды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓