Апта бойы доп тепті
«Жігер» стадионында өткен футболдан Арқалық қаласының Чемпионатына он команда қатысты. Олар: қалаға қарасты ауылдардан «Жаңақала», «Үштөбе», «Фурманов», «Қайыңды» құрамалары және қаладан «Жігер-1», «Жігер-2», «Торғай ет», «КТЖ», «Қыран», «Арқалық жастары» командалары.
Бір аптаға созылған жарыс нәтижесінде: үшінші орынға – «Жігер-1», екінші орынға – «Үштөбе» командалары тұрақтап, бірінші орынды – «Торғай ет» командасы жеңіп алды.
Аталымдар бойынша: «Үздік қорғаушы» – Жәнібек Серік (Торғай ет), «Үздік жартылай қорғаушы» – Санат Бияхмет (Үштөбе), «Үздік шабуылшы» – Ербол Тәжібай (Арқалық жастары), «Үздік қақпашы» – Борис Щетинко (Үштөбе), «Ең үздік жас футболшы» – Адай Иманбек (Арқалық жастары) иеленді.
Жүлдегерлерді жарыстың ұйымдастырушысы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.
– Командалар жарысқа жақсы әзірлікпен келді. Бәрінің де бірыңғай киім үлгілері бар. Апта бойы жанкүйерлерге демалыс сыйлап, жақсы ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға зор алғысымызды айтамыз, – дейді жарыстың бас төрешісі Иманбек Айтқазин.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Суретті түсірген автор.
Арқалық қаласы.