Халық санағы өтеді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, оның барысында 2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық халық санағы мәселесі қарастырылды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 қаулысына сәйкес ҚР халқының ұлттық санағын өткізу 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан кезеңіне жоспарланған.
Санақтың мақсаты – демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейлерде статистикалық деректерге пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сенімді ақпараттың толық кешенін алу. Халық санағы 10 жылда бір рет жүргізіледі.
Санақты онлайн режимде Интернет желісін пайдалана отырып, өзін-өзі толтыру әдісімен және офлайн режимде планшеттер арқылы сұрау әдісімен жүргізу жоспарлануда.
Екі әдіспен де азаматтар өздері үшін және отбасының барлық мүшелері үшін санақ парақтарының сұрақтарына жауап бере алады. Интернет-сауалнама мамандандырылған www.sanaq.gov.kz сайтында 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін аралығында жүргізіледі.
Пайдаланушылар үшін халық санағының қысқаша қорытындысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында дайын болады.
Кеңес қорытындысы бойынша қала мен аудан әкімдеріне ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау тапсырылды.
А.ӘБДІЛДА.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓