Өрт сөндіру бекеті құрылды
Әулиекөл ауданының Диев селосында "Диев" агрофирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында өрт сөндіру бекеті құрылды.
Жеке құрам жергілікті тұрғындардан құралған. Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бекетке өрт сөндіру көлігін тапсырды. Диевтіктер үшін өрт сөндіру бекетінің ашылуы өте маңызды, жаңа бекет тілсіз жаумен күресте сенімді қорған болмақ. Әрі селода 11 жаңа жұмыс орны құрылды.