Жатақханадағы рейд

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" бағдарламалық баяндамасы негізінде Қауіпсіздік Кеңесіне қазақстандық жоғары оқу орындарында парақорлық фактілері бойынша мәселені зерделеуді, жатақханаларда орын бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық мәселелерін, студенттік үйлерде тұру жағдайларын және жастардың басқа да проблемаларын қарауды тапсырған болатын.
Осы орайда, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jаs Otan" жастар қанатының Қостанай облыстық филиалы облыстық мәслихат депутаттарын тарта отырып, студенттердің еліміздің оқу орындарындағы жатақханаларда тұру жағдайларына мониторинг жүргізуді бастап кетті.
Таяуда Қазтұтынуодағы Қостанай Жоғары колледжінің жатақханасында рейдтік іс-шара өтті. Рейд барысында ешқандай құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Студенттер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓