Ардагерді қуанышқа бөледі

Ұзынкөл ауданының әкімі соғыс ардагеріне өздігінен жүретін арба сыйлады. Игі іске «Бексұлтанов», «Титов» шаруа қожалықтары, «Крисс Гарр» ЖШС басшылары үлес қосты.
Әнуар Жүсіпов әскер қатарына 1942 жылы 10 мамыр күні алынған. Молотов қаласынан (қазіргі Пермь) 30 шақырым жердегі Южный стансасынан дайындықтан өтіп, шілде айында майдан даласына жіберілді. Калинин (Тверь) қаласын азат етуге қатысты.
«1942 жылдың 14-тамызында Успенко дейтін қала маңында жараландым. Жағдайдың қиындығы сондай, жаралыларды Калининге 22 күн дегенде зорға жеткізді. Оқ пен снарядтар қарша борап тұрды», – дейді ақсақал.  
Сызатты жылдардың естеліктері майдангер жадында сайрап тұр. Бүгінгі бейбіт заманға шүкір айтады. Биыл 98 жасқа толады.
«Аудан әкімі Мұрат Сандыбаев бастаған азаматтар мені қуантып тастады. Өзім басқарып жүргізетін арбаны тарту етті. Мұның өзі жарты миллион тұрады екен. Жақсы болды, осы арбамен бір мезгіл орталықта серуендеп, мешітке де барып келемін. Ардагерлерді ұмытпай, көңіл бөліп жатқан азаматтарға алғысым шексіз», – дейді қария.
 
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓