28 адам жұқтырды

14 мамырда Қостанай облысында коронавирус 28 адамнан табылды. 
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 12, Рудный қ.  – 4, Қостанай, Амангелді, Жітіқара, Федоров және Б.Майлин аудандарында 2 адамнан, Денисов және Науырзым аудандарында 1 адамнан ауырды. 
18 адам ауруханаға өздігінен жүгінгенде, 6 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. 1 адам РФ-нан дертті болып оралған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 20 адамда ауру белгілері болды, 8 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 14 мамыр аралығында COVID-19-ға 15096 адам шалдыққан. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14469.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓