Өткен күндер белгісі
1941-1945 жылдары екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін от кешіп, жанкешті ерлік көрсеткен жандар аз емес. Әрине, олардың ерлігі, батылдығы, еңбекқорлықтары жайлы жас буындардың білуі қажет. Осы қасиеттерінің арқасында майдангерлер жеңіске қол жеткізді. Солардың арасында қостанайлық ұстаздардың да бол-ғанын мақтанышпен айтамыз.
Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі өскелең ұрпаққа соғыс ардагерлерінің өмірі мен қызметін насихаттау мақсатында "Педагогикалық бағыттағы майдангер-ардагерлер" атты көрмені көпшілік назарына ұсынды. Онда ағартушы Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде оқыған және сол мектептерде ұстаз болған, қанды майданға қатысқан ардагер мұғалімдер – Сапарғали Есмұратов, Камеш Жаманқұлов, Камалбек Зәкіров, Ғыждуан Қасымов, Василий Макотченконың фотоқұжаттары мен жеке заттары қойылды.