Міндеттер айқындалды
Кеше «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оның барысында есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары қаралып, өңірлік филиалдың бюро мен саяси кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының құрамы жаңартылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Өңірлік филиал төрағасының бірінші орынбасары Э.Күзенбаев саяси кеңестің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы айтып, партияның сайлауалды бағдарламасы – негізгі құжатты орындауға бағытталған алдағы жоспарларымен бөлісті. Оған партияның сайлауалды науқаны кезінде халықтың өтініштері мен ұсыныстары енді.
Бүгінгі таңда партия мүшелерінің жұмысындағы негізгі басымдық жүйелі бақылауды және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген халықтың сайлау алдындағы өтініштерін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кету керек, бағдарламаны бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында өңірде 14 өңірлік қоғамдық кеңес жұмыс жүргізуде.