Отанға деген сезім

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы" "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің жерім – менің елім" жас суретшілердің облыстық сырттай байқауын өткізді.
Екі ай бойы конкурсқа арналған 200-ден астам жұмыс дайындалып, іріктеуден өтті. Оған облыстың барлық өңірлерінен және Қазақстанның басқа да Алматы, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан тәрбиеленушілер қатысты.
Жас конкурсанттар өз жұмыстарында отанға деген сүйіспеншіліктерін, өздерін Қазақстанның нағыз патриоттары ретінде көрсете білді. Жұмыстар әртүрлі техникада орындалған, байқау өте қызықты әрі күрделі болғанын да байқауға болады. Қатысушылардың өздері атап өткендей, байқау олар үшін болашақ мамандықты таңдауға түрткі болған, өйткені жеңімпаздардың жұмыстарын енді Қостанай облысы ғана емес, бүкіл еліміз көре алатындай болады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаудың салтанатты рәсіміне демеуші қонақтар қатысып, сыйлықтар ұсынды, сондай-ақ балаларға әрі қарай да шығармашылық табыс, осы бағытта ерінбей еңбек етуді тіледі. Жас суретшілер үшін бұл болашақта кәсіби өсуге және дамуға үлкен ынталандырудың бастамасы болмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓