Соғыс жылдарындағы әндер
Қостанайда Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. 7-8 мамыр күндері қала әкімдігінің және "Апельсин" сауда орталығы басшылығының қолдауымен Жеңіс күніне арналған флешмоб өтті.
–Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және мереке қарсаңында халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қалалық "Мирас" мәдениет сарайының 48 әртісі соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Флешмоб мерекелік жаспарға сай екі күнге ұласты, – дейді "Мирас" мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Дәулет Ақтанов.
Сондай-ақ, "Споемте, друзья" деп аталатын флешмоб аясында «Мирас» мәдениет сарайының ұжымы №24 жолаушылар автобусында қала тұрғындарына патриоттық әндерден шашу шашты.
Әсел ҚИБАШ