Алты өңірдің әкімі ауысты

Облыс әкімі А.Мұхамбетовтің өкімімен, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттарымен келісіле отырып, кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.Атап айтқанда, Арқалық қаласының әкімі болып Әмірхан Біркенұлы Асанов, Лисаков қаласының әкімі Абай Сәрсембайұлы Ыбыраев тағайындалды. Сондай-ақ, Амангелді ауданының әкімі болып Талғат Тойшыбекұлы Карбозов тағайындалса, Жітіқара ауданына Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов келді. Қарабалық ауданының басшысы лауазымын Руслан Болатұлы Халықов иеленді. Кеше хабарлағанымыздай, Науырзым ауданына Қайрат Тынымбайұлы Әбішев тағайындалды.
Архимед Мұхамбетов жаңа әкімдердің алдына өңірлердің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтере түсу жөнінде бірқатар міндет қойды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓