Баға, қайда барасың?

Бензин бағасы тағы қымбаттады. Соңғы бірнеше күнде ол орташа есеппен 5-10 теңгеге өскен, деп хабарлайды sputnik.kz.
Ең танымал жанар май құю бекеттерінің ресми сайттарындағы мәліметтерге сәйкес,  елордада АИ-92 168−177 теңге, АИ-95 – 188-ден 197 теңгеге дейін, АИ-98 – 186-дан 220 теңгеге дейін көтерілген. Алматыда АИ- 92 литрі 165-171 теңгеден, АИ-95 187-200 теңгеден, АИ-98 191-230 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 маркалы жанар май бағасы 175 теңге маңайында. АИ-95 бағасы 185-200 теңге аралығында. АИ-98 литрі 175-205 теңгеге өскен.
Елде жанар май бағасы сәуір айынан бастап өсті. Қазақстандықтар бағаның шарықтауына ғана емес, жанар май тапшылығына да шағымданды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Энергетика министрлігі биліктің жанар-жағар май бағасын неліктен ретке келтірмейтінін түсіндірген еді. Ведомство ол кезде бағаны реттеу және "арзандатылған" мұнай өнімдерімен қамсыздандыру жүйесін құру тиімділігі аз және шығыны көп амал екенін айтқан болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓