Өзара ынтымақтастыққа қол қойды

Қостанай облысының кәсіподақ орталығымен Қостанай облысы әйелдер күштері альянсы арасында гендерлік теңдікті дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Қазақстан халқының басым бөлігі әйелдер болғанымен, маңызды шешімдер қабылданған кезде әйелдер іс жүзінде тыс қалып жатады. Шешім қабылдауға келгенде әйелдердің белсенділігі байқалмайды. Гендерлік теңдік сақталмайды. Сондықтан облыстық  кәсіподақ орталығымен Қостанай облысы әйелдер күштері альянсы арасында ынтымақтастық туралы келісімге келіп отырмыз. Бірлескен жұмыс айтарлықтай нәтиже береді деген үміттемін», – деп атап өтті өз сөзінде Қостанай облысы  әйелдер күштері альянсының төрайымы Римма Бектұрғанова.
Бірлескен екі ұйымның негізгі миссиясы – еліміздегі әйелдердің өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Дәлірек айтқанда, әйелдерді маңызды шешім қабылдау деңгейіне көтеру, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, зорлық-зомбылық деңгейін төмендету.
Айта кету керек, казақстандық нәзік жандылардың 15%-ы ер адам өз жұбайына қол көтеруге құқылы деп санаса, ауылдық жерлерде әрбір бесінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Елімізде әлі күнге дейін  әйелдер жалақысы ер адамдардың еңбекақысынан  орташа есеппен 30%-ға төмен, әйел адамдардың 57%-ы тұрақты жұмыс істемейді және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе жұмыссыздар санатына жатады. Көбінесе бұл ауылдық жерлердегі әйел адамдар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓