Жайлы жатақхана – уақыт талабы

Елімізде білім сапасының деңгейін жақсартумен қатар, білім беру ошақтарының инфроқұрылымын жаңарту күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оның бір дәлелі – елімізде 80 мыңнан астам студент жастың жатақхана орындарына мұқтаждығы. Осының салдарынан көптеген студенттер санитарлық талаптар сақталмайтын, ескі жатақханаларда тұруға мәжбүр болып келді.
Қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ мемлекет пен жеке сектордың қатысуымен студенттерге, магистранттарға мен докторанттарға 75 мың төсек-орынға еліміздің барлық өңірін қамтитын жатақханалар құрылысына қатысты ауқымды жобаны жүзеге асыруда. Жоба 2018 жылдың соңында іске қосылды.
Жатақхана иелері мемлекеттен әрбір төсек-орынға жылына 122 АЕК (Алматы қаласы 144 АЕК) көлемінде, ал, ғимаратты жатақхана ретінде реконструкциялаудан өткізсе 47 АЕК мөлшерінде төлем алады. Мемлекет бұл төлемдерді 8 жыл бойы жүргізеді.  Мысалы 500 орындық жатақхананы алатын болсақ, кәсіпкер 8 жыл ішінде мемлекеттен 1,5 млрд.теңге көлемінде төлем алады және жатақхана өз иелігінде қалады.Сондай-ақ, инвесторларға типтік негіздегі жобалық-сметалық құжаттамалар ұсынылады.
2010-2018 жылдар аралығында 9 339 төсек-орынға 20 жатақхана қолданысқа берілсе, жоба бастаған кезеңнен  2019 жылдың соңына дейін 9 166 төсек-орынды 34 жатақхана іске қосылды. Осы арқылы 8 жылдың жиынтық көрсеткішіне парапар орын санына қол жеткізілді.
2019 жылы енгізілген жатақханалар көрсеткіші бойынша еліміздің алдыңғы орындағы 3 өңірін атауға болады. Олар: Алматы 2010 орындық 6, Шымкент қалалары 1 605 орындық 6, Шығыс Қазақстан облысы 1263 орындық 5 жатақхана салды.
Студенттер үшін жаңа бағдарлама аясында іске қосылған жатақханаларда тұрудың орташа ақысы 10 000 теңгені құрайды. Бұл заманауи үлгідегі, орын-жайлардан бөлек коворкинг орталық, спорттық зал және студенттерге уақытты мазмұнды әрі қолайлы өткізуге жағдай жасалған жатақханалар үшін аса қымбат баға емес.
Әлеуметтік маңызды және кәсіпкерлер үшін тиімді жобаның сәтті басталуына мемлекет пен кәсіпкерлердің ортақ іске жұмыла кірісуінің арқасында мүмкін болып отыр. Кәсіпкерлер тарапынан жобаға қызығушылық танытуының бірнеше себептері бар. Бұл алдымен, құрылыс жұмыстарына кеткен шығынның өтемін мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы қайтарып алу, жер теліміне заттай грант негізінде қол жеткізу және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында банктік несиелерін 9%-ға дейін субсидиялауға мүмкіндіктерінің болуы.
Қызығушылық танытқан тараптарды әріптестікке шақырамыз
 
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓