Екі күнде 29 мас жүргізуші ұсталды

 
  Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 16-17 сәуір күндері аралығында облыс аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел алдын алу шарасы өтті.
  Заң қатаңдағанымен, мас күйінде көлік жүргізетіндер әлі де бар. Мәселен, екі күнінің ішінде көлікті мас күйінде басқарған 29 жүргізуші ұсталып,  жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, масаң күйінде көлік құралын басқарған 3 жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 Сондай-ақ, облыс аумағында 19-сәуірден бастап екі күндік «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» шарасы басталады.
  Қостанай облысы полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге көктем кезінде барынша мұқият болуды ескертуде.
 «Облыс тұрғындарынан полиция талаптарын орындап, түсіністік танытуын сұраймыз. Жаяу жүргіншілер жолынан өткенде жылдамдықты бәсеңдетіңіз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ішімдік ішіп, рульге отырмаңыз. Жаяу жүргіншілер өткелінде, жолды кесіп өткенде және жиектерімен жүргенде абай болыңыз, арнайы белгіленген жолақтан өтіңіз», деді тәртіп сақшылары.
  Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 286 факті, ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша 30 факті тіркелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓