29 адам жұқтырды
16 сәуірде Қостанай облысында 29 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласында -16, Рудный қ. – 7, Әулиекөлде – 3, Қарасуда – 2, Лисаков қ. 1 адам індет жұқтырған
22 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 4 адам індет расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 23 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 16 сәуір аралығында COVID-19-ды 14 336 адам жұқтырған. Емделіп шыққан науқастар саны – 13238.