Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты базасында "Торғай өңірі топонимикасының тарихи атаулары" тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Шараның мақсаты – облыстың ономастикалық кеңістігінің ғылыми-деректік қорын толықтыру, тарихи қалыптасқан қазақша атауларды жүйелендіру. Конференция жұмысына Қостанай облысы, Астана қаласынан біздің өлкеміздің тарихын зерттеп жүрген белгілі ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар қатысуда.