Қарабалықаудандық орталық ауруханасы білікті үш маманмен толықты. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауданға табан тірегендердің екеуі Қарағанды мемлекеттік университетін, бірі Қазақ Ұлттық медициналық университетін тәмәмдапты.
Жас мамандар терапевт, дәрігер-статист есебінде қызметке кірісті. Нәзік жан иелеріне мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілген. Мемлекеттік бағдарламаға сүйенген екі маман баспана алу жағын да қарастыруда.