“Туған жер”
Қаламызда "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында "Шежіре-ғұмыр" танымдық циклінің шеңберінде "Туған жер" атты зияткерлік ойыны өтті. Шараны ұйымдастырушы – "Sanalyurpaq-2050" қоғамдық қорының жобалар жетекшісі Нұрбек Әбдібековтың айтуынша, зияткерлік ойынының мақсаты – жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін жағдай жасап, танымдық қызығушылықты арттыру. Және топтық динамиканы қалыптастыра отырып, адамдардың топпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту.
– Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен және "Рухани жаң-ғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында "Шежіре-ғұмыр" циклінің аясында бірнеше іс-шаралар өт-кізу жоспарланған. Соның бірі – бүгінгі өтіп жатқан "Туған жер" атты зияткерлік ойыны. Аталмыш шара туған жерге тағзым көрсету, жалпы рухани құндылықтарды жандандыру мақсатында ұйым-дастырылып отыр. Ойынға мемлекеттік емес ұйымдар, ЖОО-ның оқытушылары қатысып жатыр. Санитарлық нормаларға байланысты шамамен ойынға үш топтан құралған 25 адам ат салысатын болады, – дейді Нұрбек Әбдібеков.
Ойынның нәтижесінде Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының "Академия" тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға диплом және статуэтка, сондай-ақ цикл аясында арнайы жасалған қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің нақыл сөзі мен портреті бейнеленген эксклюзивті жейделері табысталды.
Сондай-ақ, 2 орынға ие болған "Қостанай" вело-қауымдастығы ҮЕҰ тобына диплом мен статуэтка табысталды. Және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Технари" тобы 3 орынға ие болып, топқа диплом мен статуэтка берілді.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.