Үздік жас – Арайлым

Арқалықтық талантты жастардың бірі А.Есенбаева білім және ғылым жолында жеткен жетістіктері үшін "Қазақстанның үздік магистранты" төсбелгісімен марапатталды.
Республикалық байқауды "Bilim-Orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған. Байқаудың мақсаты – жас мамандардың инновациялық әлеуетін арттыру, зерт- теушілік қабілетін дамыта отырып, тәжірибе алмасу. Шараға еліміздің әр өңірінен 200-ден аса материал қабылданып, соның арасынан 83 қатысушы үздік шыққан.
Арайлым Оразханқызы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия түлегі. Жоғары білімді екі шет тілі мамандығы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтынан алған. Институтта оқып жүріп "Жас кәсіпкерлер" студенттік ұйымының негізін қалаушылардың бірі болды. 2017 жылы ЖОО қабырғасында "қолөнершілер" тобын ұйымдастырып, І курс студенттеріне өз ісін бастауға септігін тигізген. 2018 жылы институттың үздік топ басшысы, 2019 жылы "Жыл студенті" атанды.
Оқу бітірісімен өз ісін бастаған жас кәсіпкер қазіргі уақытта қалада "Сұлулық салоны" мен "Жас қолөнершілер" курстарын басқарып отыр. 2019 жылы "Тұран Астана" университетіне "Педагогика психология" мамандығы бойынша мемлекеттік грантпен педагогикалық магистратураға түскен. Талантты жастың жетістіктері арнайы жинақта жарық көрді.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓