Білімін жетілдірді
Әулекөл. Ауылшаруашылық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім берудің дуальдік оқыту жағдайында өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң кәсiби құзыретін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Қатысушылар өндiрiстiк оқу шеберiнiң рөлі қандай болуы тиіс деген сауалға жауап іздеді. Сондай-ақ, колледждің зертхана мен шеберханасымен, әлеуметтік серіктестіктерінің («Аман-терсек»ЖШС) жұмыс цехымен танысты, өндірістік оқудың ашық сабағына кірді.