Парктер шеруі

Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы пандемияны ескеріп, Науырзым ауданында биыл онлайн режимінде өткізіледі. «Парктер шеруі-2021» акциясы 20 наурыздан  бастап 25 мамыр аралығында «Табиғатты қорғайық болашақты ойлайық» атты ұранмен аталып өтпек. Дәстүрге айналған бұл акцияның мақсаты – биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының және бүкіл қоғамның назарын еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мәселелерге аудару және осындай аумақтарға іс жүзінде көмек көрсету, отандастар санасында өзіміздің табиғи және мәдени мұраларымызға деген мақтанышты ояту.
«Парктер шеруі -2012» акциясы аясында онлайын байқаулар жарияланып, жоспарға сай табиғатты қорғау бағытында «Құстар күні», «Бүкіл Қазақстандық ағаш егу күні», «Қызғалдақтар күні», «Жер күні», «Таза өзендерге – таза жағалау» мерекелік іс-шаралары ұйымдастырылады. «Жер күні» аясында ауыл іші мен ауыл төңірегінде ағаштар егу жоспарланса, «Су күні» өзен, көл жағалауларына тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. 5-ші маусым Бүкіләлемдік «Қоршаған ортаны қорғау күні» кең көлемде сенбілік өткізу қарастырылған. Осы акцияға белсенділік танытқан тұрғындарға Науырзым қорығының «Сырға толы Науырзым» келу орталығында ашық есік күні жарияланады. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілігі бүкіл елді мекендерді халықаралық табиғатты қорғау акциясынан шет қалмай қатысуға шақырады. «Ағаш отырғызып, бұлақтардың көздерін ашып, аулаларымызды тазартып табиғатқа аз да болса өз үлесімізді қосайық. Туған табиғатымыздың тазалығы мен тыныштығын сақтау жолында өтіп жатқан іс-шаралардан тыс қалмай ат салысайық жерлестер» деп ұран тастайды Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының мамандары.
Бұл шара «Табиғатты қорғайық, болашақты ойлайық!» деген ұранмен жыл сайын аудан көлемінде жүзеге асырылып келеді. Науырзым мемлекеттік  табиғи қорығы ұрпаққа тәрбиелі мәні зор табиғаттық шараларға қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Сонымен қоса өскелең ұрпақ та бүгінгі күні табиғатты қорғауға өз үлестерін барынша қосуда.
Халықаралық жер күні 19 ғасырдың соңынан бері Небраска штатының тұрғыны Джон Мартонының бастамасымен аталып келеді. Әу баста бұл мереке «Ағаш күні» деп аталып, жерді көгалдандыруға арналған. Бірақ 1970 жылдан бастап «Жер күні» деп аталып, өтіле бастады. 1990 жылы мереке халықаралық деңгейге көтеріліп, оған 141 елден 200 млн адам қатыса бастаған. 1990 жылдың басынан бастап ол мерекеде ұлттық бақтарға назар аударылып, «Жер күні» «Парктер шеруі» боп өзгертілді. Ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап аталып өтіліп келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓