Бастысы – сәтті бастама

IMG_20191127_1558063333
Еліміздегі азаматтық сектор ұдайы Елбасының назарында. Оған «Қазақстанның Азаматтық альянсы» қоғамдық қозғалысының құрылуы дәлел. Бұл қозғалыс үкіметтік емес ұйымдармен тікелей қарым-қатынас алаңына айналды. Бір жыл бұрын VІІІ Азаматтық форумда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үкіметтік емес ұйымдар өмір сапасын арттырудың драйверіне айналуы тиіс» деп атап өткен болатын. Мамыр айында біздің өңірімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және Ресей жастарының форумы өткенін білесіздер. Және осы үлкен жиында келер жылды «Волонтерлер жылы» деп атау ұсынылды
4444
Қостанайда облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізіп, аталған сектордың ілгерілеуі мен атқарған жұмыстарын қорытындылаған баяндамаларын, көкейтесті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Біздің өңірімізде де үкіметтік емес секторға қолдау күшейіп келеді. Қазіргі таңда аймағымызда 951 ҮЕҰ тіркелген.  Олардың 82,2%-ы жұмыс істеп тұр деген Марат Жүндібаев секторда қызмет ететін ұйымдардың көп болғаны дұрыс екенін жеткізді:
333333
– Ең бастысы – қолға алған жобасы, жұмысы сапалы болу керек. Соңғы үш жылда оларды мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландыру көлемі 2,5 есеге артты. 2017 жылы 187 миллион теңгеге 185 жоба қаржыландырылды. Биыл бұл сома жарты миллиардқа жетіп, 311 жоба жүзеге асырылуда. Бұрын мемлекеттік тапсырысты ішкі саясат басқармасы ғана жүргізіп келсе, қазір 10 басқарма қолға алды. Өткенге көз жіберсек, 2011 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратын ресурстық орталықтың құзырына бердік. Қазір онда оннан аса ҮЕҰ қызмет етіп отыр. Бүгінгі күні облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің басым бөлігі – азаматтық қоғам өкілдері. Сол себепті, осы саланы одан әрі дамытуға мүмкіндігіміз бар, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Облысымыздағы талай істерге бастама болып келе жатқан «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жылға жақындап қалды. Әсіресе, І, ІІ топтағы мүгедектердің тірек-қозғалу аппараттарына қол жеткізуіне зор еңбек сіңіріп келеді. Жыл сайын 35-40 кемтар жанға осындай аппараттар қажет екен. Тәулігіне 55-60 мүгедек массаж, психологиялық, заңды кеңестер, тренингтер, тренажер залдарында жаттығулар, еңбекке баулу, дәрігер қарауынан өтеді. Мүгедек арбасына таңылған талай жандардың мемлекеттік органдар арқылы көптеген өткір мәселелері шешімін табуда. Мәселен, 2015 жылы жарымжан жандарға арналып құрылған «Рауан» қоғамдық бірлестігі облысымызда алғашқылардың бірі болып әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолға алды. Онда мүгедек жастар массаж, коворкинг-орталықтан тегін қызмет алып, тігін, қолөнер, аспаздық, полиграфия, ағаш өңдеу қатарлы курстардан өтуге мүмкіндігі бар. Нәтижесінде өңдеу және тігін цехына 8 адам жұмысқа орналасқан. Алайда мүгедектер үшін шешімін күткен мәселе аз емес.
1111
– Қазіргі таңда Қостанай, Рудный, Арқалық қалалары мен Қостанай ауданында инва-такси қызмет етіп келе жатыр. Біздің аудандардағы инва-таксидің санын көбейту жөнінде ұсынысымыз бар. Кезекте екі аудан тұр. Осы жағынан аймақ басшылығы көмек көрсетеді деген сенімдеміз, – деді «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлова.
Облыс әкімінің орынбасары бұл ұсынысты қолдайтынын әрі оны аймақ басшысына жеткізетінін мәлімдеді.
Қамысты ауданының Жайылма елді мекенінде 2013 жылы құрылған «Жайылма» бастамашыл тобы осы жылдар аралығында бірқатар ілкімді жобаларды жүзеге асырып үлгерді. Шалғайдағы ауылда балаларға қызмет көрсететін «Бүркіт» орталығы ашылған. Онда түрлі үйірмелермен қатар, пәндік ойындар мен конкурстар өткізуге арналған, тіпті, спорттық алаңы, газеті бар «Атамекен» интеллектуалдық клубы құрылыпты.
666
– Біз мектеп музейі, үнемдеуші жарық беру, мектеп ішінен гүлдер мен көкөніс өсіретін жылыжай қатарлы жобаларды қолға алып, облыстық, өңірлік әлеуметтік бастамалар жәрмеңкелерінде жүлделі болып келеміз. Былтыр «ZhasProject» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша ұлттық киімдер тігетін «Өнер» тігін цехы мен «Лидер» видеостудиясын аштық. Биыл да өңірлік жәрмеңкеде жеңімпаз болып отырмыз. Жүлдеге берілген 150 мың теңгеге киіз үй жарақтап, «Этнолагерь» жобасын жүзеге асырдық. Мұның ең ұтымды жері – 10 күнге лагерьге келген балалар мұнда қазақтың тілін, дәстүр-салтын меңгеріп кетіп жатыр. Басқа аудандардан келетін қонақтардың көптігінен бір киіз үй аздық етуде. Сол себепті, біз келесі жәрмеңкеде жобамыздың ауқымын кеңейтсек деген ойдамыз, – деді «Жайылма» бастамашыл тобының жетекшісі Шымбат Ақбасова.
Азаматтық секторға қолдау ретінде 2010 жылдан бері үздік үкіметтік емес ұйымы байқауы өткізіліп келеді. Биыл бұл конкурстың ауқымы кеңейіп отыр. Себебі, белсенді бастамашыл жобаларды ұсынушылардың қатары артқан. Биыл 7 аталым бойынша 23 ұйым мен 8 бастамашыл топтан 31 өтінім келіп түсіпті. 
Сонымен, «Үздік азаматтық бастамалар-2019» байқауының жеңімпаздары:
«Спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру» номинациясы – «Саламатты ұлт – Қостанай» ҚБ;
«Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қазақстандық патриотизм мен отбасы институтын нығайту» – «Synergy» ғылыми-ағарту орталығы» ҚҚ;
«Мәдениет және тарихты сақтау» – «Qolóner» ҚҚ;
«Әлеуметтік аз қамтылған азаматтар тобының құқығын қорғау» – «Өмір» мүгедектер мен мүгедек балалардың аналар қоғамы» – ҚБ;
«Балалармен және жастармен жұмыс» – «Полюс» балалар орталығы» ҚБ;
«Мәдениет және тарихты сақтау» – «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» республикалық ҚБ Қостанай облыстық филиалы;
«Үздік бастамашыл топ» – «Жайылма» бастамашыл тобы.
IMG_20191127_155514

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓