Қарттарға құрмет

“Нұр Отан” партиясы Жанкелдин аудандық филиалы мен аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, “Ардагерлерді ардақтайық” атты партиялық жоба аясында қайырымдылық және қамқорлық акциясын өткізді.курмет
“Нұр Отан” Партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Аягөз Сейсенбаева мен Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Мұқатов аудан жастарын бір жерге топтастырып, ұйымшылдықпен жалғызбасты қарт ана, зейнеткер Мундвефа Молдашеваға қамқорлық танытып, 11 мың теңгеге азық-түлік алып берді. Сондай-ақ, ауласындағы қарды тазалап, үй жиһаздарын жиыстырып, қарт ананың ақ батасын алды. Сонымен қатар, тыл ардагері, зейнеткер ана Наталья Васильевна мен бірінші топтағы мүгедек Олег Жоламанұлына да осы қамқорлықты көрсетті. Аула қарын тазалап, жауын-шашының салдарынан мұз болып қатқан шөпті ойып, малға беруге тиімді жолдарын орайластырды. Осылайша, қарттарға қамқорлық жасаған аудан жастары елдің ыстық ықыласына бөленіп, үлкендерге қалай құрмет көрсету керектігін жас ұрпақтың санасына сіңірді.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓